Біз туралы
- Өнімдер
- География
- Компания
- Зауыт
Суды өндіру және дайындау
Компанияның иелігінде екі түрлі: емдік-асханалық және артезиан су ұңғымалары бар.
- Chortoq емдік-асханалық су ұңғымасы зауытқа жақын жерде орналасқан. Мұнда 507 метр тереңдіктен температурасы 32 ֯С су алынады. Бұл суда минералды және микроэлементтердің бірегей құрамы бар, оның минералдануы 2,8 г/л құрайды.
- Chortoq Suv артезиан су ұңғымасы зауыттан 14 шақырым жерде 160 метр тереңдікте орналасқан. Мұнда минералдануы 0,26 г/л және рН 7,8 әлсізсілтілі су өндіріледі.
Еуропалық одақ стандарттарына сәйкес келетін озық жабдықтың арқасында екі ұңғыма да зауытқа тұрақты, қауіпсіз су ағынын қамтамасыз етеді.
Өндірістік желілер мен жабдықтар
Жалпы ауданы 4 га жерде еуропалық және корейлік жабдықтың 4 өндірістік желісі біріктірілген, бұл суды әртүрлі ыдыстарға: шыны және пластик бөтелкелерге құюға мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық инфрақұрылым өндірістің әрбір кезеңін – шикізатты дайындаудан бастап түпкілікті құюға дейін мұқият бақылауды қамтамасыз етеді. Толтыру процесі автоматты түрде және қолмен басқарылады, бұл бөгде қоспалардың түсу мүмкіндігін болдырмауға және ағып кетудің алдын алуға мүмкіндік береді. Зауыттың технологиялық процесінің эстетикасы өгдірілетін өнімдердің сапасының ең жоғары деңгейімен үйлеседі.
Сапаны бақылау және сертификаттау жүйесі
Chortoq Mineral Water өзінің сапаны бақылау және өндірістік бақылау бөлімі бар екенін мақтан етеді. FSSC 20000, ISO 22000, EAC, Halal және т.б. сертификаттарының болуы компанияның жоғары стандарттарды кешенді түрде сақтауға ұмтылатынын айғақтайды. Зауыт аумағында да, одан тыс жерде де қойма жайларының ерекше жағдайлары сертификатталған және тиімді басқару жүйесінің қағидаттарын көрсете отырып, өнімнің одан әрі таратуға дейін мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.